Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының "Жігер "балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" МКҚК 2021 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша қызметі туралы есеп.
Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының Жігер БЖСМ мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны. Мекенжай деректері: Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауылы, Әуезов көшесі, 18, байланыс телефоны 87163222006. Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін жүзеге асырылады.
Жігер БЖСМ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді::
1. Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына қабылдау үшін құжаттарды қабылдау.
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау
2021 жылы барлығы 297 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
1. Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына қабылдау үшін құжаттарды қабылдау - 295
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау - 2
Қызмет қағаз нысанда тегін көрсетіледі, мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Жігер БЖСМ-де орнатылған стендте орналастырылады
Тұрақты негізде жауапты қызметкерлер мен мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар болған жоқ. Қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.