Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім беру бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының "Жігер" балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие Детско-юношеская спортивная школа "Жігер" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі даярлығы клубтары қызметінің қағидалары

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы
№ 106 бұйрығымен бекітілген
6-қосымша

Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі даярлығы клубтары қызметінің қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі даярлығы клубтары қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағида) балалар-жасөспірімдердің дене тәрбиесі даярлығы клубтарының (бұдан әрі – клуб) қызметін реттейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

      2. Клубтың басты мақсаттары:

      1) дене шынықтыру және спортпен шұғылдану арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру;

      2) тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашу арқылы жан-жақты дамуы үшін жағдайлар жасау;

      3) балаларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;

      4) олардың денсаулығын және дене тәрбиесін нығайтуға бағытталған балалар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.

2-тарау. Клубтың қызметі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Спорт түрлері бойынша секциялар (бұдан әрі - секциялар) клубтың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Секцияларды ұйымдастыру клубтың педагогикалық кеңесі бекітетін оқу жоспарымен немесе жылдық күнтізбелік жоспармен және оқу кестесімен реттеледі.

      4. Клубтың жұмыс уақыты ішкі тәртіп ережелерімен анықталады.

      5. Секциялардың жұмысы жұмыс жоспарына қарай толық күнтізбелік жылға ұйымдастырылады.

      Жазғы демалыс кезінде секциялар арнайы кесте бойынша жұмыс істей алады.

      6. Секциялардың толықтығы келесі талаптардың ескерілуімен жүзеге асырылады:

      1) секциялардың сандық құрамы спорт түріне байланысты анықталады;

      2) бір топтағы балалардың жас айырмашылығы үш жастан аспауы қажет;

      3) топтың саны клубтың жарғысына сәйкес оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асырудың шарттарына байланысты анықталады.

      7. Кестені жасаған кезде оқу орындарындағы оқушыларының бос уақыты мен жұмыс бастылық көлемін ескеру қажет.

      8. Секциялардың жұмысын ұйымдастыру дене шынықтыру, спорт жаттығулары мен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу кезіндегі қауіпсіздік пен санитарлық-гигиеналық нормалар ережесінің талаптарына сай болуы қажет.

      9. Клубтағы нұсқаушы-әдіскер мен жаттықтырушы-оқытушының штаттық бірлік саны спорт түрлері бойынша секциялардың санына байланысты аңықталады.

      10. Секциялардағы балалардың саны спорт түріне қарай 25 адамнан аспауы қажет.

3-тарау. Клубты басқару

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Клубты басқару алқалық қағидаттары бойынша жүзеге асырылады.

      Алқалық басқарудың түрі клубтың педагогикалық кеңесі болып табылады.

      12. Клубты тікелей басқаруды дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар тағайындайтын директор жүзеге асырады.

      13. Клубтың директоры дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша клубтың штаттық кестесін, клуб қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтарын, оқу жіктемесінің көлемін бекітеді.

4-тарау. Оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Оқу-жаттығу үдерісі балалардың жұмысқа қабілеттілігі, олардың даму динамикасы, оқу материалдарын игеру ерекшеліктері мен мүмкіндіктері және оқушыны одан әрі жетілдірудің келешек қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

      Оқу аптасы ішінде сабақтардың ұзақтығы (3-4 күн) педагогикалық кеңеспен белгіленеді және клубтың директорымен бекітіледі.

      15. Балаларды клубқа қабылдау ата-аналарының (заңды өкілдерінің, қамқоршыларының, қорғаншыларының) атынан клуб директорының атына өтініш, оған қоса оқу орнынан анықтама, екі 3x4 сурет, денсаулығы туралы медициналық анықтама ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

      Клубқа қабылдауға ұсынылған өтінішті қосымша құжаттармен бірге педагогикалық кеңес 3 күн ішінде қарастырады.

      Көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбау және теріс медициналық клубқа қабылдаудан бас тартуға негіздеме болып табылады.

      16. Клубтан шығару ата-аналарының (заңды өкілдерінің, қамқоршыларының, қорғаншыларының), өтініші негізінде сондай-ақ бала дәлелсіз себептермен сабаққа 1 айдан көп уақыт қатыспаса, педагогикалық кеңестің шешімімен жүзеге асырылады.

      17. Оқу-жаттығу үдерісі жеке немесе баланың жасы мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, жинақталатын топта (шағын топ) ұйымдастырылады.

5-тарау. Оқу-жаттығу үдерісінің қатысушылары

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Оқу-жаттығу үдерісінің қатысушылары балалар, жасөспірімдер және олардың ата-аналары (заңды өкілдері, қамқоршылары, қорғаншылары), клубтың педагогикалық, медициналық қызметкерлері болып табылады.

      Клубта педагог-психолог, медбике-массажшы, емдік дене шынықтыру мамандары, әлеуметтік педагог қызметтерінің лауазымдары қарастырылады.

 

Жаңартылған күні: 15.04.2019 16:08
Құрылған күні: 03.03.2021 15:17

Текст