Құрметті Зеренді тұрғындары! Сіздерді мемлекеттік мереке-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Дәл осы күні-1 желтоқсанда Тұңғыш Президент сайланды, біздің мемлекеттілігіміздің бүкіл барысы мен дамуына даусыз ықпал ете отырып, Қазақстан Республикасының президенттік институты құрылды.
Осындай атаулы күнді мерекелеу Мемлекет басшысына оның Қазақстан халқы мен еліне сіңірген еңбегі үшін құрмет білдіру болып табылады. Елбасы Н. Ә.Назарбаев қабылдаған тұрақты және жүйелі шаралардың нәтижесінде Қазақстан ұлтаралық келісімді берік орнықтырған, қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында өзгерістерге қол жеткізген, экономикасы, ғылымы, мәдениеті мен спорты ұдайы дамып келе жатқан мемлекетке айналды.
Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, бақыт және сәттілік, оқуда табыс, спортта жоғары жетістіктер және барлық тілектердің орындалуын тілейміз. Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы дамып, нығайып, гүлдене берсін! Біздің барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын!