Текст
23-24 желтоқсанда "Жігер" БЖСМ ФОК базасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған 2009-2010 жылы туған қыздар мен ұлдар арасында волейболдан ашық облыстық турнир өтті. Турнирге Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласынан 13 команда қатысты. Барлық қатысушылар әдемі және комбинациялық ойын көрсетті. Қыздар командасы турнирдің қола жүлдегерлері атанды, ұлдар 4 орын алды.