Текст
7-10 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында 2013-14 және 2015-16 жылы туған балалар арасында футболдан ашық облыстық турнир өтті. футбол жаттықтырушысы Бурдыг В.М. Зеренді ауылындағы «Supernovas» командасы мен «Жігер» жасөспірімдер спорт мектебінің жігіттері екі жас санаты бойынша қатысып, сәтті өнер көрсетті. Петропавл, Көкшетау қалаларының қарсыластарын жеңіп, турнир қожайындарымен тең түскен 2015-16 жылғы Зеренділік жігіттер жеңімпаз атанса, 2013-14 жылғы құрама турнирде екінші орынды иеленді. Біз жас футболшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және олардың сүйікті ісінде, футбол ойнауында сәттілік тілейміз!