«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің
жанындағы Зеренді ауылының «Жігер» балалар-жасөспірімдер спорт мектебі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
қосымша білім педагогтерінің бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды (3 ставка)
Мекеменің орналасқан мекен жайы: «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының «Жігер» балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны - Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы,
Зеренді ауылы, Ауезов көшесі 18, тел: 8 (716-32) 20-9-78
Ставкаларды бөлу:
"Жігер" БЖСМ-нің 2021-2025 жылдарға арналған перспективалық даму жоспарына сәйкес қосымша білім беру педагогтері үшін 3 ставкаға бос орын бар.
Келесі топтарды ашу жоспарлануда:
Мекеменің орналасқан мекен жайы: «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының «Жігер» балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны - Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Ауезов көшесі 18, тел: 8 (716-32) 20-9-78
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 5 жыл, педагог-шебер үшін-6 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
дене шынықтыру бойынша жаттықтырушы-оқытушы дене тәрбиесінің бағдарламасы мен әдістемесіне сәйкес тәрбиеленушілерді оқыту бойынша жұмыс жүргізеді;
балалардың жасын, дайындығын, жеке және психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, міндеттері мен мазмұнын анықтайды;
тәрбиеленушілерді дене жаттығуларын орындау дағдылары мен техникасын пайдалануға үйретеді, олардың адамгершілік-ерік қасиеттерін қалыптастырады;
дене шынықтыру сабақтарын және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде білім алушы тәрбиеленушілердің толық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді;
санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын үнемі қадағалап отырады;
медицина қызметкерлерімен бірге балалардың денсаулық жағдайын бақылайды және физикалық жүктемелерін реттейді;
білім алушылардың өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне жауап береді;
салауатты өмір салтын насихаттайды;
тәрбиеленушілердің ата-аналарымен және тәрбиешілерімен тығыз байланыста жұмыс істейді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларына нұсқама береді;
белгіленген құжаттама мен есептілікті жүргізеді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы", Қазақстан Республикасының "Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді,
педагогика және психология негіздерін;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, арнайы педагогика, психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;
педагогикалық этиканың нормаларын;
еңбек заңнамасының негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын.
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің
жанындағы Зеренді ауылының «Жігер» балалар-жасөспірімдер спорт мектебі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Қажетті ақпаратты келесі мекенжай бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Ауезов көшесі 18, тел: 8 (716-32) 20-9-78, электрондық мекенжай: fok-zer@mail.ru