Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім беру бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының "Жігер" балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие Детско-юношеская спортивная школа "Жігер" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Талапкер-2020" үстел теннисі бойынша

10.01.2020

6-8 қаңтар аралығында Көкшетауда "Талапкер-2020"спартакиадасы өтті. Спартакиада бағдарламасында ұлдар мен қыздар арасында волейбол, үстел теннисі және футзал бойынша жеңімпаздар анықталды. "Жігер" ДЮКФП ұлдар мен қыздардың екі волейбол командасы және теннисшілердің екі командасы қатысты. Бірінші болып күреске теннисшілер кірді. Жасөспірімдер арасындағы жеке біріншілікте зеренділер барлық құрмет тұғырын иеленді. 1 орын-Кусайн Азамат (Ортагаш), 2 орын - Дәулет Аян (Көктерек), 3 орын - Санибек Нұрсұлтан (Зеренді). Біріншілікте қыздар арасында 1 және 3 орынды Ортағаш ауылынан Жолданғар Алина және Омарбек Сабина иеленді. Балалар мен олардың тәлімгерлері Жумагулов Еркебұлан Сайлаубекұлы мен Ахметбеков Нұрбек Көшкенұлын жақсы нәтижемен құттықтаймыз, болашақ старттарда жеңістер тілейміз.

           

Просмотров: 320


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст