15-20 маусым аралығында Зеренді ауылының орталық стадионында еңбек сіңірген футболшы Тимур Сегізбаевты еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтті. Жарысқа еліміздің көптеген өңірлерінен келген 16 команда қатысты. 6 күн бойы жас футболшылар екі жас санатында біріншілікке таласты: 2008-2009 және 2010 жылдары туған. Турнир қорытындысы бойынша жоғары топта бірінші орынды Көкшетау қ. "Оқжетпес" БЖФМ футболшылары, екінші орынды Қостанай қ. БЖСМ иеленді, Зеренді ауылы "Жігер" БЖСМ жүлдегерлерінің үштігін жапты. Кіші топта Нұрсұлтан қаласының олимпиадалық резерв мектебінің жасөспірімдеріне тең келер ешкім болған жоқ, екінші орын - Шымкент қаласының ОРМБЖСМ, үшінші орын-Қостанай қаласының БЖСМ.