Текст
26-29 мамыр аралығында Степногорск қаласында 2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында футболдан Ақмола облысының чемпионаты өтті. "Жігер" БЖСМ жастары тартысты күресте үшінші орынды жеңіп алды. "Оқжетпес" БЖСМ футболшылары чемпион атанды, екінші орында жақсы БЖСМ бозбалалары. Турнирдің үздік ойыншысы жүлдесін Қапыш Алдияр алды. Чемпионатта үш жас тобында өнер көрсету қорытындысы бойынша футболшылардың қоржынында екі күміс және бір қола бар.