Республикалық акция аясында Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының Аналар кеңесі Арыс қаласының көпбалалы аналарына көмек көрсететін «Арыс балалары» қайырымдылық акциясын өткізді.
«Қазіргі уақытта бүкіл ел Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек қолын созуда. Ақмола облысының Ассамблеясыда қолдау шақыруға дереу үн қатып, шетте қалмады. Қайырымдылық шаралары мұқтаж жандардың пайдасына өткізілді - ақша, заттар, аяқ киім, тамақ, қажетті заттар жиналды», - деді ААНК хатшылығының меңгерушісі Марзият Тохаева. Щучинск қаласындағы теміржол вокзалында Ақмолалықтар Арыс қаласынан Бурабай ауданының сауықтыру орталығына - Звездный мен Самырукке келген алғашқы балалармен кездесті. Ақмола обылысының және облыс әкімі Ермек Мыржыкпаетың атынан келген қонақтарды облыс әкімінің орынбасары Айна Мусралимова қарсы алды.
Зеренді ауданына 20 бала жіберілді. Балаларға Зерендінің көрікті жерлері көрсетілді, олар сонымен қатар «Жігер» спорттық-сауықтыру кешеніне барды.