2019 жылдың 15 маусым күні Зеренді ауданының білім саласындағы қызметкерлері арасында ХІХ аудандық «Мұғалім -2019» спартакиадасы өтті. Осы спартакиадада ауданымыздың білім саласының қазметкерлері әр түрлі спорттық ойындарды өз күштерімен бақ сынасты. Аталмыш спартакиадаға біздің «Жігер» ДТДБЖК –да қатысып жүлделі орындарға ие болды. Атап өтетін болсақ: Прокопьева Светлана Михайловна шашки мен теннистен 1 орынға ие болса, үшсайыстан (троеборье) -2 орынды иеленді. Және де клубымыздың футбол жаттықтырушысы Қажығалиев Саят Қажығалиұлы теннистен -3 орынды алды. Ал «Жігер» ДТДБЖК –ы волейболдан 1 орынға ие болды. Спратакиадаға қатысушыларға үлкен алғысымызды айтып, клубымыздың атын шығара берулеріңізді тілеймін.