11 маусым «Жігер» ДТДБЖК оқушылары туған өлкеміз бойынша саяхат жасады. Жергілікті көрікті жерлермен танысу Бөгенбай бидің мазарынан басталды. Қостомар ауылының жанындағы кішігірім су айдынының маңында «құс базарын» көріп, тыңдауға болады. Аққулар,тырналар, Солтүстік жабайы үйректер және әртүрлі ұсақ суда жүзетін үйректер – бұл осы жерді мекендейтін құстардың толық тізімі емес. Содан кейін Исаков бөгетінде аялдама болды. Мұнда балалар ұлулар аулап,шағын үңгірге кірді. Одан әрі жолымыз "Әулие-бұлақ"сарқырамасына жалғасты. Сарқырамаға түсер алдында топ түстеніп алды. Түстенгеннен кейін сарқыраманың өзіне түсті. Бұл жердің сұлулығы барлығын таң қалдырды. 5 қабатты үйдің биіктігіндей жерден аққан су, ұсақ бұлақтар, қатпарлы жартастар және мүк тастары, бір жерде жиналған әдемі өсімдіктер табиғатпен жасалған сұлулығы бойынша таңғажайып сурет жасайды. Табиғаттан алған әсерлермен шаттықты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Шараға қатысушылар осы ғажайып жердің сұлулығын мәңгі есте сақтау үшін фотосессиялар өткізді.