1-10 мамыр аралығында "Оқжетпес" балалар-жасөспірімдер футбол мектебінің оқушылары Сплит қаласында (Хорватия) өткен "Dalmatinkocup" халықаралық турниріне қатысты. Турнирге қатысу үшін Ақмола облысының үздік ойыншыларынан клуб құрамасы құрылды. Осы жастағы үздік ойыншылардың құрамына Зеренді ауданынан екі ойыншымыз қатысты. Олар-Андреев Роман және Светличный Глеб . Сплиттегі жыл сайынғы турнирге Сербия, Ресей, Хорватия, Украина, Италия, Латвия, Белоруссия елдерінен 28 команда қатысты. Барлық қатысушылар Адриатикалық теңіз жағалауындағы балалар лагерьлерінде орналасты. Ойындар арасындағы үзілістерде флеш-мобтар, Хорватияның әдемі орындары бойынша экскурсия өткізілді.
Алдын ала кезеңде қазақстандықтар Запрешич қаласының Galaxy командасынан 1-0 есебімен жеңіске жетті. Ал Сплит ACADEMICA футбол академиясының командасымен ойнап 1-1 есебімен тең түсіп, 0-2 Gоrnik командасынан ұтылды. Қосымша көрсеткіштер бойынша екінші айналымға шықты, бірінші матчта Хорватияның NKSolinиз командасынан 0-3 есеб3мен жеңіліп қалды. Бірақ, біз өз тәрбиеленушілерімізді атап өткіміз келеді – екі голдың авторы Зеренділік Роман Андреев болды.
Осымен біздің күнтізбеміз аяқталмайды. 20-26 маусым аралығында «Орталық» стадионда 2008-2009 жылы және 2010 жылы туған ұлдар арасында Николай Сергеевич пен Татьяна Григорьевна Куленюкті еске алуға арналған 12-ші облыстық ашық турнир өтеді. Содан кейін 27 маусым мен 3 шілде аралығында 2005-2006 жылы туған және 2007 жылы туған жас тобында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сегізбаев Тимур Санжарұлын еске алуға арналған 2-ші халықаралық турнир өтеді. Әр жас тобында Қазақстан, Өзбекстан және Ресейді ойыншыларынан 14-16 команда қатысады.
Содан кейін, тамыз айының соңында "Жігер" БЖК Ташкент қаласында өтетін "Пахтакор" ойыншысы Э. Г. Каграмановты еске алуға арналған дәстүрлі турнирге қатысады. Ал қыркүйек айынан бастап Ақмола облысы біріншілігінің күзгі бөлігі басталады. Міне, осындай қызықты футбол турнирлері біздің балаларды күтуде және оларға сәттілік тілеп, олар үшін қолдау көрсетеміз.