Ағымдағы жылдың 8-12 мамыр күндері 2018-2019 маусымында 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер командалары арасында футбол бойынша Ақмола облысы біріншілігінің кезекті туры өткізілді. Жас футболшылар бес күн бойы аяқ пен күш-жігерді аямай, Есіл қаласының үздік футбол алаңдарында былғары доп соқты.
2005-2006 ж.т. жасөспірімдер арасында футболдан чемпион атағына сегіз команда күресті: «Оқжетпес» БЖФМ , Аршалы БЖСМ – 2, Есіл БЖСМ, «Жігер» БЖК (Зеренді), «Энергетик» СК (Көкшетау), Еңбекшілдер БЖСМ, Жақсы БЖСМ және Бұланды БЖСМ. «Оқжетпес» балалар-жасөспірімдер футбол мектебі бірінші орынға ие болды, екінші орынға «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының Зеренді командасы тоқтады және үздік үштікті Еңбекшілдер балалар-жасөспірімдер спорт мектебі аяқтады.
«Оқжетпес» БЖФМ директорының орынбасары, жастар футболын дамыту бағдарламасының жетекшісі Қурейш Арчаков атап өткендей, өткен жылдан бастап мұндай жарыстар жаңа форматта, күз-көктем жүйесі бойынша өткізіледі. Бұл футбол орталығында жаттықпайтын балалар арасындағы жарыс процесінің санын арттыру үшін жаслған формат.