«Оқжетпес» БЖФМ ақпараты
Көкшетау қаласында 2019 жылғы Балалар футбол лигасының 2005-2006 және 2008-2009 ж. т. жасөспірімдер командалары арасында мини-футболдан жарыс аяқталды. Естеріңізге сала кетейік, жарыс 05 қаңтар мен 10 наурыз аралығында екі айдан астам созылып, айналмалы жүйе бойынша екі айналымда өтті. Ойын "Оқжетпес" БЖФМ-нің жаңа спорт кешенінде жасанды көгалы бар ойын алаңында өтті. Екінші айналым матчтары өте қызу болды. Жарыстың бірінші айналымынан кейін командалардың жаттықтырушылары белгілі бір қорытынды жасап, барлық командалардың көңіл-күйі мықты болды.
2005-2006 ж.т. жасөспірімдер тобы жаттықтырушы Дмитрий Казаковтың басшылығымен «Оқжетпес-2005» футбол орталығының жасөспірімдер командасы барлық турнирлік жолды жоғалтпай, чемпион титулын алды. Екінші орынды «Оқжетпес-2005» БЖФМ-нің жасөспірімдер командасы (жаттықтырушылар Маржан Усман мен Владислав Гридасов), үшінші орынды «Оқжетпес-2006» футбол орталығының командасы (жаттықтырушылар Максим Чудинов пен Дмитрий Карпов) иеленді.
Командалардың қорытынды жағдайы (2005-2006 ж. т. жасөспірімдер):
1 – «Оқжетпес-2005» футбол орталығы;
2 – «Оқжетпес-2005» БЖФМ
3 – «Оқжетпес-2006» футбол орталығы
4 – «Жігер» (Зеренді)
5 – «Оқжетпес-2006» БЖФМ
6 – Тайынша БЖФМ СҚО
7 – «Энергетик» (Көкшетау)
8 – «Оқжетпес-2007» БЖФМ
Бапкерлер кеңесі мен төрешілер алқасы номинациялар бойынша үздік ойыншыларды анықтады:
«Үздік қақпашы» - Дмитриев Дмитрий («Жігер» Зеренді)
«Үздік қорғаушы» - Буркитбаев Осман («Энергетик»)
«Үздік шабуылшы» - Ботантаев Шахдияр («Оқжетпес-2005» ФО)
«Үздік ойыншы» - Ботаев Алмас («Оқжетпес-2006» ФО)
2008-2009 ж.т. жас тобында жарыстың екінші айналымында жүлделі үштікке ену үшін күрес басталды. Солдатбек Залел пен Әсет Қайырден басқарған «Оқжетпес-2008» БЖФМ командасы екінші айналым ортасында чемпиондықты мерзімінен бұрын рәсімдесе, екінші-үшінші орынға бірден бірнеше команда таласты. Қорытынды ойындарда екінші және үшінші орынды «Энергетик» (жаттықтырушылары Данил Горда мен Антон Кучма) және «Альтаир» (жаттықтырушылары Советов Сейілбек пен Қоқан Мерген) командалары иеленді.
Командалардың қорытынды жағдайы (2008-2009 ж.т. жасөспірімдер):
1 – «Оқжетпес-2008» БЖФМ
2 – «Энергетик» (Көкшетау)
3 – «Альтаир» (Көкшетау)
4 – «Оқжетпес-2008» ФО
5 – «Оқжетпес-2009» БЖФМ
6 – «Жігер» (Зеренді)
7 – Степняк БЖСМ(Біржан сал ауданы)
8 – «Окжетпес-2009» ФО
Номинациялар бойынша жарыстардың үздік ойыншылары:
«Үздік қақпашы» - Валенчук Артем («Оқжетпес-2008 БЖФМ)
«Үздік қорғаушы» - Ануарбек Искендир (Степняк БЖСМ)
«Үздік шабуылшы» - Андреев Роман («Жігер» Зеренді)
«Үздік ойыншы» - Джамкеев Санжар («Энергетик» Көкшетау)
Жарыстың жабылу салтанатында "Оқжетпес" БЖФМ – нің спорт кешенінде аншлаг орнады – футбол жанкүйерлері мен жас футболшылардың туған-туыстары, достары, сыныптастары қатысты. Жарысқа қатысушылар мен көрермендерді футбол ардагері Евгений Рогачев, "Жігер" балалар-жасөспірімдер клубының жетекшісі Андрей Куленюк, Ақмола жас арбитр мектебінің жетекшісі, жарыстың бас төрешісі Александр Горда, "Оқжетпес" балалар-жасөспірімдер клубы директорының орынбасары Курейш Арчаков құттықтау сөз сөйледі. Жарыстың жеңімпаз командаларына және әр жас тобындағы жүлдегерлеріне кубоктар мен грамоталар, ал ойыншыларға – грамоталар мен медальдар табыс етілді.
Номинациялардағы үздік ойыншыларға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Осындай ұзақ турнирге қатысудың арқасында жас футболшылар жақсы ойын тәжірибесіне ие болып, өз шеберліктерін арттырып, сенімділік алды, сондай-ақ жағымды эмоциялар мен спорттық жеңістердің қайталанбас сәттерін алды.
Жаттықтырушылар құрамына – Куленюк Андрей Николаевичке, Қажығалиев Саят Қажығалиевичке және Мұғжанов Жұман Кеңесұлына және "Жігер" клубының барлық футболшыларына жазғы маусымда жарқын жеңістер тілейміз.
«Жігер» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубы Зеренді аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Бауржан Баянұлы Жангаловқа және ата-аналар комитетінің мүшесі Руслан Самарбекұлы Назаровқа осы жарыстарға қатысу үшін демеушілік көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді.