2019 жылдың 21-24 ақпан аралығында Зеренді ауылының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 22-ші облыстық "Жастар"оқушылар спартакиадасы бағдарламасында баскетболдан Ақмола облысының біріншілігі өтті. Жеңіс үшін 2002 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдер күресті. Ақтық жарыстарға аймақтық іріктеуден өткен Ақмола облысының 8 мықты командасы қатысты. Жарыстың қорытынды кезеңінде командалар екі топқа бөлінді. Топтық кезең ойындарында жүлделі орындарды жеңіп алған төрт финалист анықталды – бұл Целиноград, Атбасар аудандары мен Көкшетау және Степногорск қалаларының командалары. Көкшетау қаласы мен Целиноград ауданының екі көшбасшы командасының ақтық жекпе-жегі өте қызықты болды. Чемпиондық атағы үшін күресте көкшетаулықтар 67: 54 есебімен жеңіске жетті, екінші орынды Целиноград ауданының жастары иеленді. Үшінші орын үшін күресте жеңімпаз соңғы секундтарда анықталды, Жеңіс Атбасар қаласының балаларына күлімсіреп, төртінші орында Степногорск болды. Одан әрі орындар келесі тәртіпте бөлінді: 5 орын Ерментау ауданының командасы, алтыншы орын Зеренді ауданы, жетінші орында Жақсы ауданы, ақтық сегізді Ақкөл қаласының жастары аяқтады.