Текст
27-28 қарашада Көкшетау қаласында 2009-2010 жылдары туылған ұлдар арасында волейболдан Ақмола облысының чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша "Жігер" БЖСМ ұлдары 1 орынды, № 19 ЖББМ командасы екінші орынды, Болашақ сарай командасы үшінші орынды иеленді. "Жігер" БЖСМ құрамында Сәлімтай Ерасыл, Қажыбай Нұржан, Сартай Мансұр, Құдайберген Арман, Аузар Ислямбек, Сағындық Нариман, Бүркітбаев Санжар және Әбділдинов әділ өнер көрсетті. Үздік ойыншылар облыс құрамасына жіберілді. Спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз. Болашақ жарыстарда сәттілік тілейміз.