08.06.2026
3-7 маусым аралығында Зеренді ауылындағы «Орталық» стадионында 2012 және 2015-16 жылы туылған балалар арасында ҚР ҚЖ Тимур Санжарұлы Сегізбаевты еске алуға арналған футболдан халықаралық турнир өтті. Ересектер тобында финалда Ташкент қаласының «Бектемір» командасы Қостанай ауданының жасөспірімдер спорт мектебімен кездесіп, Өзбекстаннан келген қонақтарымыз 2:0 есебімен басым түсті. Үшінші орын Көкшетау қаласының ОСҚДЮСШ «Оқжетпес» командасына бұйырды.
Кіші ұлдар арасындағы бірінші орын үшін турнир қожайындары Зерендінің «Жігер» командасы «Бектемір» ФК командасына есе жіберді. Үшінші орын үшін кездесу Павлодар қаласының «Ертіс» спорт мектебі мен Қостанай жасөспірімдер спорт мектебінің арасында өтті. Павлодарлық жігіттер мықтырақ болып, қола жүлдеге ие болды.