Текст
28.05.2026
26 наурызда Көкшетау қаласындағы «Достар» қоғамдық орталығында футзалдан Ақмола облысы балалар лигасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. 2015-16 жылы туған зеренділік ұлдар екінші орынды иеленді. Үздік ойыншылар қатарында Зерендідегі «Жігер» жасөспірімдер спорт мектебінің ойыншылары Наурызбай Нығметолла (2013-14 ж.т.) мен Сергей Гах (2015-16 ж.т.)атанды.